17.07.2023, 9:45
Оқылды: 16

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты

Атырау облысында жол апаты салдарынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9a38f934-be4e-484f-9678-fb7404626b8d

Фото: ІІМ

16 шілдеде сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-шақырымы тұсында Chevrolet Cobalt автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысты.

Соққы салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале