21.10.2021, 16:10
Оқылды: 18

Атырау облысында жол апатынан полиция қызметкері мерт болды

Атырау облысында жол апатынан полиция қызметкері мерт болды.

4

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты 20 қазанда, сағат 5:00 шамасында болған.

«Кеше «Атырау-Орал» бағытындағы жолда Тoyota Ipsum алдымен сиырға, кейін Lada Priora көлігіне соқтығысқан. Салдарынан Lada Priora көлігінің рульінде болған полиция қызметкері көз жұмды. Ол Махамбет аудандық полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеген еді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұдан бұрын Атырауда жоғалып кеткен ер адам өлі табылғанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сурет: narodna-pravda.ua

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале