19.06.2024, 10:30
Оқылды: 163

«Атырау-Орал» автожолын қалпына келтіру жалғасып жатыр

«Атырау-Орал» республикалық маңызы бар автожолының 44-шақырымын қалпына келтіру 80% аяқталды. Бұл жөнінде Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады.

E6A91A3B-6800-4D3E-B8B1-02A4FF25D552

Суреттер: видеодан скриншот

– «Атырау-Орал» автожолын қайта қалпына келтіру жұмысы осыдан бір апта бұрын басталған болатын. Аталған жолды толықтай аяқтауға 10 метрдей бөлік қалды.

Қалпына келтіру бір мезгілде екі жолақтан көлік жүретіндей етіп жасалып жатыр. Жол уақытша қалпына келтіріліп, пайдалануға берілгеннен кейін автожолдан жеңіл көліктер өте алады. Автокөліктердің қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында автожол бір-екі күнде пайдалануға беріледі, - деді «ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау облыстық филиалы пайдалану және қауіпсіздік бөлімінің бастығы Еркен Шералиев.

D72D4A5C-C8C9-476D-B1A9-121C6A5539A0

Спикердің айтуынша, қазір барлық учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Жолдың су шайған бөлігін уақытша қалпына келтіру жұмысына 23 техника және 30 адам жұмылдырылған.

Сонымен қатар осы жолдың 56 шақырымында жолдың үстінен өтіп жатқан суды тоқтату мақсатында бөгеттерді орнату және нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

3CF20311-2209-4AAA-84BC-E73A6C1C0717

Еске сала кетейік, «Атырау-Орал» автожолын қалпына келтіру жұмысын Атырау облыстық филиалы ҚазАвтоЖол АҚ пен бас мердігер «Қажсервис» компаниясы атқарып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале