23.04.2024, 18:01
Оқылды: 53

Атырауда әскери міндетті азаматтар Жайық жағалауын бекітуге шақырылып жатыр

Атырауда мобилизация жарияланып, әскери міндетті азаматтар Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмысына шақырылды, - дейді "ҚазАқпарат"

c4133620-2dc3-4ef1-809b-6b4690d9f179

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, әскери міндетті азаматтарды 20 сәуірде жағалауды бекітуге шақыру басталған.

«Аумақтық қорғаныс батальонының бригадасына Атырау қаласы мен 7 ауданнан әскери міндетті 78 азамат шақырылды. Оларға Атырау қаласындағы Жайық өзенінің оң жағалауы бөлініп берілді. Бұл аумақта бұрын еріктілер бөгет көтерген еді. Қазір әскери міндетті азаматтар сол бөгетті биіктету, нығайту жұмысына жұмылды. Олар 29 сәуірге дейін бөгетті бекітуді жалғастырады», - деді батальон командирі Руслан Спанов.

Еске сала кетелік, Атырау облысында жағалауға 2,7 млн құм толтырылған қап төселгенін жазған болатынбыз. 

 

Фото: Атырау гарнизоны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале