4.07.2022, 16:45
Оқылды: 43

Атырауда дизель отыны мен алкогольді заңсыз сатқандар ұсталды

Атырау облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз саудасының жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

220704154416553e

Сурет: ҚазАқпарат

Атырау облысының Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2022 жылдың маусым айында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде 2 жеке тұлғаның 1300 литр алкоголь өнімін және 2500 литр дизель отынын заңсыз жолмен сатқанын анықтады.

«Іс материалдары Жылыой аудандық сотына жолданды. Жалпы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысында 139 мың литр дизель отынының, 338 мың литр жанармайдың, 4 мың литр алкоголь өнімдерінің және 260 қорап темекі өнімдерінің заңсыз саудасының жолы кесілді», - деп жазды ведомстводан.

Көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале