30.06.2022, 15:30
Оқылды: 23

Атырауда егіз сәби терезеден құлап кетті

Атырау қаласында бес жастағы егіз бүлдіршін үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

M1LAm5q47XiWBXdmKRFauXQOGcT4F7UPrFBRpC76

Ведомствоның мәлімдеуінше, қыздардың құлап кеткендігі туралы қоңырау 27 маусым күні 22:10-да келіп түскен.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша қайғылы оқиға кезінде егіздердің анасы кір жайып жатқан. Қыз балалар басқа бөлмеде болған. Олар москит торына сүйенемін деген кезде құлап кеткен. Бүлдіршіндер ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

 baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале