Атырауда психотроптық дәрі-дәрмектерді колонияға әкелу әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Атырау ерлер колониясы жедел бөлімінің бастығы Мұратбек Бермахановтың хабарлауынша, тыйым салынған заттар 29 қаңтарда ҚР Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп ҚАЖД №15 мекемесінің жедел қызметкерлері тексерген кезде "Еңбек Батыс" РМК "Газель" автокөлігінен табылған.
Көлік жабық мекемеге азық-түлік әкеледі. Тексеру кезінде еттің арасына тығылып салынған екі бөтелке психотроптық дәрі-дәрмектері бар жасырын байлам табылды: 87 Трамадол таблеткасы. Бұл дерек бойынша, полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.