12.06.2024, 9:48
Оқылды: 56

Атырауда жанжал салдарынан ер адам қаза тапты

Бүгін әлеуметтік желіде Атыраудағы базарлардың біріндегі бейнебақылау камерасынан ер адамдар арасындағы жанжал түсірілген видео тарады, деп жазады azh.kz.

7EF27B96-E8AF-407F-AA2E-4C36A25597EA
Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Жәбірленуші ауруханада алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапқан, - деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале