Ел аумағының көп бөлігіне циклон әсер етіп, 16 өңірде бұрқасын, боран соғып, қар жауады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, елдің орталығында қалың қар жауады, деп хабарлады Ұлттық арна.

Республика бойынша көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте, солтүстікте, орталықта тұман күтіледі.
Астанада күн бұлтты, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз -7°C болады.
Алматыда күндіз көктайғақ күтіледі. Күн бұлтты, қар жауады. Ауа температурасы күндіз -0...-2°C болады.