Қазір ол жерде 257 жүк көлігі биікке көтеріле алмай тұр, жеңіл автокөліктер толықтай кептелістен шықты. Бұл жайлы БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
10 наурызда Шыңғырлау ауданы аумағында, нақтырақ айтқанда Самара-Шымкент тас жолының 489-522 шақырымында Ақтөбе облысының шекарасына дейін 4-5 км жетпей ауыр жүк көліктері мен жеңіл автокөліктердің кептелісі пайда болды (шамамен 300 фура және 50 жеңіл автокөлік топтасып тұр). Құтқарушылардың ауа райының нашарлауына байланысты ескертуіне қарамастан жолға шыққандар биіктікке көтеріле алмай тұрып қалған.
Таңертеңгі 9.30-дағы мәлімет бойынша кептелісті жоюға бақытталған жұмыстар жүргізілуде (257 фура қалды, жеңіл автокөліктер толықтай жолға шықты).
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады.
Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыз.
zhaikpress.kz