4.01.2023, 22:45
Оқылды: 61

Ауа райына байланысты төтенше жағдай: Республикалық штаб құрылды

Жолдарда төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

7152AA7B-0830-4BCD-9624-D9C725F2E902

4 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты 65 жол учаскесі уақытша жабылды.

Оның ішінде 35 республикалық (Астана, ШҚО, Алматы - 2, Абай - 5, Ақмола - 3, Қостанай, Ұлытау, Жамбыл - 1, Жетісу - 4, Қарағанды - 9, Павлодар - 5) және 30 облыстық маңызы бар (Абай - 8, Ақмола - 9, ШҚО - 4, Жамбыл - 2, Жетісу және Түркістан - 5, Павлодар - 11).

Жолдарда төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Осыған ұқсас штабтар Абай, Жетісу, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Павлодар облыстарында жұмыс істейді.

Блокпосттарда 1 290 көлік жиналды (Жамбыл обл. - 318, Қарағанды обл. - 579, Павлодар обл. - 123)

Тәулігіне құтқару бөлімшелерімен 725 адам құтқарылып, эвакуацияланды, оның ішінде 137 бала бар. 124 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды. Эвакуациялау үшін 769 уақытша жылыту пункті дайындалды, 200 техника дайындықта тұр. Уақытша жылыту пункттерінде 202 адам бар, 16-сы бала.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 4163 адам және 1343 техника жұмылдырылды (ТЖМ 307/93, ІІМ 192/77, ЖАО-2886/707, жол қызметтері - 778/466).

Бұған дейін хабарланғандай, республикалық маңызы бар тасжолдардың әлі 29 бөлігі жабық тұр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале