23.02.2026, 16:45
Оқылды: 44

Ауа температурасы төмендейді

Ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келген суық антициклон әсер етеді. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, арктикалық суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы төмендейді.

жп аяз 2026
Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) күтіледі.

Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады.

Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 15–25 градус аяз болады.

Солтүстік және орталық өңірлерде 28–37 градусқа дейін төмендейді, шығыста 32–40 градус аяз күтіледі.

Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы 0–10 градус аяз шамасында болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале