Шымкентте Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасы бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл істі ҚМА аумақтық департаменті тергеп жатыр.
Ведомство мәліметінше, күдікті лауазымын пайдаланып, қаладағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын себепсіз қымбаттатқан.
«Ол 700 миллион теңгеден аса сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен ол ұсталып, қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Соталды тергеу жалғасып жатыр.