2.06.2020, 12:10
Оқылды: 46

Әуе компаниялары билет құнын айыппұлсыз, толық қайтаруға міндетті – Бейбіт Атамқұлов

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов әуе билетінің құнын қайтара алмай жүрген тұрғындардың сұрағына жауап берді.

Studio shot of toy airplane with tickets on map

«Әуе компанияларына ТЖ кезінде тоқтатылған рейстердің билет құнын айыппұлсыз, толық көлемде қайтару туралы тапсырма берілді, міндеттелді. Бір айта кетерлігі, бізде агрегатор компаниялар (Aviata, tickets.kz) арқылы да көп билет сатылған. Олар дербес жұмыс істейді және агрегаторлардың бір бөлігі өзге мемлекеттер аумағында орналасқан. Бұл да бізге қиындық тудырып жатыр. Кей туристік агенттіктер шетелдегі кеңселерін сатып жатыр. Мұнда әрине, қайтару мәселелерін азаматтық-құқықтық алаңда сот органдары арқылы шешу қажет», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде. Сонымен бірге, министр КВИ пандемиясында әуе компанияларының да шаруасы қиындағанын айтты.

«Олар билет құнын толық көлемде, айыппұлсыз қайтаруы керек немесе билетті алда ұшатын рейстерге ауыстыруы тиіс. Біздің азаматтар да авиация саласының үлкен соққы алғанын түсінуі керек. Біз 99 бағыт бойынша 450 рейсті тоқтаттық. Әуе компанияларының өз қызметкерлері бар, еңбекақы төлеу, ұшақ тұрағын төлеумен қатар ауқымды қаржылық шығынға ұшырады. Бұл – тек Қазақстанда емес, көптеген елдерде болып жатқан үрдіс. Мұны да түсіну керек. Осы аралыққа сатылған билеттер бойынша күн сайын қайтару туралы мыңдаған өтініштер келіп түседі. Бұл жұмыстар жалғасуда», - деді Б.Атамқұлов.

Бұған дейін министр Қазақстанда халықаралық рейстердің кезең-кезеңімен ашылатынын айтып, рұқсат берілген алғашқы мемлекеттер тізімін жариялады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале