16.02.2022, 9:10
Оқылды: 34

«Ауғанда от-жалынға шарпылғандар»

Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова мемориалдық музейінде Кеңес әскерінің Ауған елінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ауғанда от-жалынға шарпылғандар» атты кеш өткізілді. 

ауган63

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев Ауған соғысы ардагерлеріне лебіз білдіріп, соғыс тарихы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ осындай іс-шараның жеткіншек ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі маңыздылығын ерекше атап өтті. КСРО Қарулы күштері қатарында Отан алдындағы борышын Ауған елінде өтеген жауынгер-интернационалистер – Анатолий Боровский, Қайрат Құмаров және Сансызбай Төлегенов әскери өмірлері мен қарулас жауынгер достары жайында сыр шертті.

Шара барысында Орал қалалық кітапханалар жүйесінің ақпараттық-библиографиялық бөлімінің библиографы Марина Мағзомқызы «Ауғанның отты жалыны» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі – Көктерек тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Жайсаң Төлегенұлы Ауған соғысы бұрышына арналған жәдігерлер тарихымен таныстырды. Ал Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің өнерпазы Рамазан Бекзат Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйін нақышына келтіре орындады.

Орал қаласы білім беру бөлімінің  мектептен тыс жұмыс орталығындағы «Жас оқырман» үйірмесінің мүшесі Айсана Ержанқызы, Нұрайым Нұрболқызы және «Жас тілші» үйірмесінің мүшесі Саягүл Тасжанова тақырып аясында өлең жолдарын  мәнерлеп оқыды. Кездесуге қатысқан ардагер ағаларға кәдесыйлар табыс етілді.

Бақытжан Серіков,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале