13.11.2023, 11:00
Оқылды: 11

Ауруханадан 2,1 миллиард теңгеден аса қаржы ұрланған

Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды көрінеу жалған сатып алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ЖП ақша

ҚМА аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетейік, медициналық мекеме 2020 жылдың қазанда сенімгерлік басқаруға берілген.

"ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале