21.12.2023, 9:00
Оқылды: 175

Аустралия ашық чемпионатына 12 қазақстандық теннисші қатысады

Аустралия ашық чемпионатына қатысушылар тізіміне 12 қазақстандық теннисші енді.

Бұл  туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

australiya_ashyk_che_1703054001

Жекелей сында негізгі турнирде Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик өнер көрсетеді. Жұптық сында Анна Данилина мен Александр Недовесов додаға түседі.

Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарында Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев және Тимофей Скатов бақ сынайды.

Жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатында негізгі жарыста алғаш рет Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова кортқа шығады. Сондай-ақ іріктеу сайыстарына Даниал Рахматуллаев пен Виталий Зацепин қатысады.

Өткен жылы Аустралия ашық біріншілігінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина финалға дейін жеткен еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале