ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында ауыл әкімдеріне арналған арнайы оқыту курсы басталды.

Сурет: telegram.org
Курс алты аптаға жоспарланған. Бұл бірегей мүмкіндік басқару жүйесін жетілдіріп, кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған. Курстың негізгі мақсаты – ауыл әкімдеріне басқарудың заманауи әдіс-тәсілдерін үйретіп, тиімді шешімдер қабылдауды және аймақтың даму стратегияларын жетілдіруді көздейді.
Оқыту курсы Орал қаласындағы С. Тюленин көшесі, ¼ мекенжайындағы академияның облыстық филиалында өтеді. Ауыл әкімдері мемлекеттік қызмет саласындағы, облыстағы білікті мамандардан дәріс тыңдайды.
Өткізілу сипаты: онлайн (3 апта) және офлайн (3 апта).
Жан Аят,
«Орал өңірі»