4.08.2025, 14:45
Оқылды: 460

«Ауыл аманаты» жобасының жемісті нәтижесі – Оралда «Бір ауыл – бір кооператив» республикалық семинары өтті

Ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыру және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды мақсат ететін «Ауыл аманаты» партиялық жобасы Батыс  Қазақстан облысында қарқынды дамып келеді. 2023-2024 жылдары өңірде жоба аясында 8,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, бүгінде 8,5 млрд теңгеге 1256 шағын несие берілді. Нәтижесінде, ауылдық жерлерде 1467 жаңа жұмыс орны құрылды. Партиялық жобаны жүзеге асыру жұмысы басталғалы бері сүтті мал шаруашылығын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы кооперациясын, өсімдік шаруашылығын, шағын кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағыттары айқындалды.

WhatsApp Image 2025-08-04 at 12.33.22 (4)

Жоба аясында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен республикалық «Бір ауыл - бір  кооператив» - нәтижелі механизмдермен және тәжірибемен бөлісу семинары өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы жаныңдағы Саяси менеджмент Академиясының директоры Н.Мұқанов, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы М.Мұқаев, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі А.Халелов, бірқатар аудан, ауыл әкімдері, ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер және Маңғыстау облысынан арнайы келген делегация мүшелері қатысты.

WhatsApp Image 2025-08-04 at 12.33.23

Семинар барысында қатысушыларға жоба аясында өңірде атқарылып жатырған жұмыстар хақында жоба бойынша облыс әкімінің кеңесшісі А.Халелов, Жаңақала ауданы әкімі А.Көшкінбаев баяндама жасады. Оның ішінде аудан бойынша қазіргі таңда 5 АШӨК жоба аясында несие алып, жұмыс атқарып отырғаны туралы айтылды. Сонымен қатар партиялық жобаның жүзеге асырылуы бағытында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы М.Мұқаев атап өтті.

WhatsApp Image 2025-08-04 at 12.33.22 (2)

- Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында 2022 жылдан бастап жоба өз жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаты - ауылдардағы тұрғылықты халықты ауылда тұрақтандыру және оның ең тиімді жолы кооперативтер ашу. Яғни қосалқы шаруашылық түрлерін қолдау отырып, Үкімет тарапынан берілетін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға көмек көрсету. Оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдерін сату, оларды сақтау. Бүгінгі семинар барысында осы кооперативтер жұмысын талқылай отырып, семинар қатысушыларына таныстыратын боламыз, - деді облыстық партия филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев.

WhatsApp Image 2025-08-04 at 12.33.22 (1) Іс-шараға жобаға қатысушы кәсіпкерлер де қатысты. Оның ішінде Тасқала ауданы, Шежін ауылдық округіндегі «Ағайын АА» АШӨК төрағасы Алмаз Бекболсынов кәсібі туралы айтып, өз ұсыныстарын жеткізді.

WhatsApp Image 2025-08-04 at 12.33.21 (2)

- Қой шаруашылығымен айналысып жатырған үшінші ұрпақпын. Бұл ата кәсіптің ізін жалғап, оның жаңа бағыттарына бет бұруға қаражат қажет болғандықтан, осы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылы несие алдық. Шаруашылыққа қажетті лизингпен арнайы техникалар да алдық. Үкімет тарапынан 2,5% несие берілуі бұл кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Осындай қолдау үшін алғыс білдіргім келеді, - деді шаруа Алмаз Бекболсынов.

WhatsApp Image 2025-08-04 at 12.33.19

Семинардың екінші бөлігінде қатысушылар Бәйтерек ауданы, Макаров ауылындағы құс фабрикасы жұмысымен танысты. Бұл Макаров ауылдағы АШӨК бастапқысы емес, бұған дейін осы ауыл тұрғындары сиыр сүтін жинап бір мекемеге жеткізу жұмысын бастаған. Бұл жоба аясында тиімді жүзеге асқан нәтижелі жұмыстың көрінісі.

WhatsApp Image 2025-08-04 at 12.33.20 (1)

Сонымен қатар қатысушылар қайта өңдеуші саналатын «Жастық» ЖШС өнімдерімен және Теректі ауданы, Барбастау ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасы аясында форель және карп балықтарын өсірумен айналысатын «Barbastau River» АШӨК жұмысымен танысты.

WhatsApp Image 2025-08-04 at 12.33.21

Батыс Қазақстан облысына арнайы келген Маңғыстау облысы делегациясы мүшелері «Ауыл аманаты» жобасы аясында өңірдің нәтижелі жұмыстарымен және жобаның жүзеге асырылу жолдарының қыр-сырымен танысуды мақсат етіп, алдағы уақытта жаңа жобалар бастау алатынын жеткізді.

WhatsApp Image 2025-08-04 at 12.33.20

- «Ауыл аманаты» жобасы республикалық деңгейдегі ең ірі жобалардың бірі. Маңғыстау облысы кооперативтер құру жұмысы бағытында әзірге нәтижеге қол жеткізе алмай отыр. Дегенмен осы бағытта тың серпіліс алып, ауыл шаруашылық мамандары мен кәсіпкерлерге жаңа бағытта жұмыстануға мүмкіндік беру үшін Батыс өңіріне келіп отырмыз. Батыс Қазақстан облысы – батыс өңірінің аграрлық сектордағы драйвері деп білеміз. Сол себепті ауыл шаруашылығындағы басым көпшілік бағыттағы жұмысты осы облыстағы шаруалар мен кәсіп иелерінен үйрене аламыз деп сенеміз, - деді Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Әсел Балманова.

 

Зарина Каирова,

 «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының

баспасөз хатшысы

WhatsApp Image 2025-08-04 at 12.33.20 (2) WhatsApp Image 2025-08-04 at 12.33.21 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале