28.12.2020, 19:15
Оқылды: 48

"Ауыл" партиясы Павлодар өңірінде болды

«Ауылдан ауылға» үгіт-насихат науқаны шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің, Павлодар облыстық және аудандық мәслихаттарына депутаттыққа «Ауыл» партиясынан кандидаттар Н.Арсютин, Е.Тоқтушаков, Б.Аманжолов, К. Шапуов, Н. Жүсіпова, Д. Қасенов, В.Поляков, Д. Нұрсейітов, Ф. Лохашева Шарбақты ауданы Орловка кентінің тұрғындарымен кездесті.

ау

«Ауылдықтардың» көшпелі тобын партиядағы әріптестері – филиал төрағасы Е.Байқұрманов және қолдау лигасы штабының басшысы А. Батыршаев бастап барды. Н.Арсютиннің айтуынша, «Орловка» кентін үлгілі ауыл ретінде қабылдауға болады. Онда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі есебінен ауыл тұрғындарын толғандыратын барлық проблемалар – сапалы ауызсу, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым, табыс деңгейі және өзге де мәселелер шешімін тапқан. Өз сөзінде кандидат облыста мұндай ауылдар өте аз екенін атап өтті. Көп жағдайда проблемалық ауылдар кездеседі. «Ауыл» партиясы олардағы жағдайды үнемі қадағалап отырады.

Кездесуден кейін «Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы «Орловка» ауылының маңында орналасқан «Победа»ЖШС-ға барды. Кездесу барысында кәсіпорын басшысы Владимир Поляков кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі ауыл инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Өз кезегінде, мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің проблемалық мәселелерін шешуде барынша жәрдем көрсетуі тиіс. Бұл - ұзақ және арзандатылған несиелер беру, жанар-жағар май мен жемшөпті субсидиялау. Өз кезегінде Н.Арсютин «Победа» ЖШС басшысының сөзіне қолдау білдірді.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале