5.01.2021, 17:28
Оқылды: 8

«Ауыл» партиясының өкілдерімен кездесті

Бүгін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да ҚР Парламенті Мәжілісіне «Ауыл» ХДПП атынан кандидат Қайрат Айтуғанов және Қанат Тасыбековпен кездесу өтті. Жиынға партия мүшелері және облыстық, қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер мен аталмыш оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

20210105_115029

Алдымен сөз алған Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры Асқар Нәметов «Ауыл» ХДПП-ның жұмысына сәттілік тілеп, болашақта бірлесе жұмыс жасауға әзір екендігін айтып өтті.

Басқосуда негізінен «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндалды.

- Партияның негізгі бағдарламасы, ең алдымен ұлттық  құндылықтарымызды сақтау. Оның бірі жерімізді – шетелдіктерге сатпау және оны жалға бермеу мәселесі. Өйткені жерді сатамыз деп ойлаудың өзін күнә деп білемін. Бұл өзімізден кейінгі ұрпаққа қалатын мұра, ата-бабамыздың аманаты. Оған ешкімнің қол сұғуына жол жоқ. Екіншіден, тіл мәселесі. Қазақстанның кез-келген азаматы мемлекеттік тілді құрметтеп, сыйлауы керек. Ал үшіншіден, партиямыздың атауы «Ауыл» болғандықтан, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі пандемия бізге «арпа-бидайдың ас екенін, алтын-күмістің тас екенін» көрсетті. Қазір ауылға бет бұратын уақыт жетті. Өйткені, ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігі, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу, ауылшаруашылығын дамытуға әрекет жасаған мемлекеттік органдарға көмек беру – біздің басты міндетіміз. Бүгінгі таңда облысымызда алты мыңнан аса мүшеміз бар, әрқайсымен тығыз қарым-қатынас орнатуға бар күшімізді салудамыз, - деді «Ауыл» партиясының Батыс Қазақстан өңірлік филиалының төрағасы Мынатаубиік Әнесов.

20210105_114910

Одан соң «Ауыл» ХДПП партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов партияның негізгі ұстанымдарымен бөлісті.

– Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясын бүгінгі таңда жерді тиімді пайдалану, қазіргі заманғы инновациялық технологияларды аз қолдану, мал шаруашылығындағы жаңа тұқымды ойлап тауып, дамыту, одан бөлек аграрлық секторды дамытуға ғылыми ақпарат және ғылыми жетістіктерді толық деңгейде пайдалану мәселелері алаңдатып отыр. Қазір барлық өңірлердің елді мекендерін аралап жүрміз. Тұрғындардың басым бөлігі “Біздің ауылға қашан жол жетеді?” деген сұрақтар қойып жатыр. Біртіндеп мәселелер шешімін табуда. Бірақ, бұл ақша барлығына бірдей жетпейді.«Ауыл» партиясы өзге саяси күштер секілді, қоғамда болып жатқан түрлі дау-жанжалдарды өзіне арзан саяси ұпай жинау үшін пайдаланбайды. Партияны мазалайтын басты мәселе – тұрақты табыс, сапалы медициналық қызмет көрсету, қолайлы пәтер, азаматтардың құқығы мен бостандықтарының қорғалуы және жеке қауіпсіздігінің қамтасыз етілуі керек, - деген Қайрат Қапарұлы әрбір саяси партия үшін бір жерде шабандап қалмай, әрбір аймақта, ортада, өз қолдауына ие болу маңызды екендігіне баса тоқталды.

Жиын соңында ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Ләззат Шағатай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале