28.04.2020, 10:48
Оқылды: 99

Ауыл шаруашылығы министрлігі көкөніс сақтайтын орындар үшін субсидия бөледі

  Ауыл шаруашылығы министрлігі көкөніс сақтау орындарын ашу үшін кәсіпкерлерге субсидия мен жеңілдетілген несие бермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   

«Қолда бар шикізат базасы сауда-логистикалық жүйенің дамымағанына байланысты жыл бойы сапалы шикізаттың біркелкі жеткізіліп тұруын қамтамасыз етпейді. Тауар сату алдында дайындайтын жуу, өлшеп салу, кептіру, колибрлеу, тасымалдау секілді тағы басқа нысандар жоқ деуге болады. Жалпы өткізу жүйесінде интеграцияның жеткіліксіздігі отандық өндірістің дамуын тежеуде. Жекелеген өңірлерде жеміс, көкөніс пен тамақ өнімдерін сақтайтын қойма инфрақұрылымы жеткілікті деңгейде дамымаған. Әкімдіктердің алдына ала деректері бойынша республикада жалпы сыйымдылығы 1 млн 800 мың тонна болатын 1249 жеміс, көкөніс жәнке картоп сақтау орыны бар. Бұл жеткізілген өнімді сақтау үшін жеткіліксіз», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында.

E3C18957-2B32-451A-B059-C653B414B8FF

Министрдің айтуынша, картоп, қырыққабат пен сәбіз, пияз бен қызылшаға мамандандырылған сақтау орны қажет. «Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан сауда-логистикалық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі саналатын жаңа технологияларды енгізу, питомниктер шаруашылығын дамыту, сапалы тұқымдар мен көшеттерді пайдалану, суармалы жерлер алаңын кеңейту, заманға сай суару машиналарын пайдалану, сондай-ақ жемістер, көкөністер және картоп сақтайтын сыйымдылықтарды жаңғырту есебінен көкөніс, жеміс өндіру көлемін ұлғайту шараларын қабылдауда. Көкөніс орындарын сақтауға кәсіпкерлерді ынталандыру үшін министрлік 25 пайыз мөлшерінде инвестициялық субсидия, сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беруді көздеп отыр», - деді ол.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале