17.04.2025, 11:30
Оқылды: 222

Ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін шетелге шығаруға қойылған кедендік баж салығы жойылады

Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін экспорттауға салынатын кедендік баж салығын алып тастау мақұлданды. Бұл жеңілдік үш жыл мерзімге енгізіліп, кейін қайта қарау мүмкіндігі сақталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды. 

a021a5c9fc52654733c289075f84235f_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Шешімнің басты себебі — өндірілетін шикізаттың едәуір бөлігі ішкі нарықта сұранысқа ие емес. Атап айтқанда, тері мен жүнді өңдеу және экспорттау деңгейі әлі де төмен деңгейде қалып отыр.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ынталандыру және өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында, өңдеуге өткізілген шикізатқа субсидия беру түрінде мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылып жатыр.

Тері мен жүнге салынатын экспорттық баж салығын алып тастау, ең алдымен, ірі және ұсақ мал өсіретін фермерлердің шығындары мен қалдықтарды жоюға жұмсалатын шығыстарды азайтуға, өндірістік-бөлу тізбектерін дамытуға, өткізу нарықтарын кеңейтуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын өндіруші және экспорттаушы отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Қазіргі таңда ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына сәйкес, қолданыстағы экспорттық баж салығы мөлшері мынадай:

•ірі және ұсақ мал терілері мен басқа да өңделмеген терілердің экспортына — тоннасына 200 еуро;

•жүн экспортына — 10%, бірақ тоннасына кемінде 50 еуро.

Ішкі нарық қажеттілігі мен тері-жүн экспорты арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырады және қажет болған жағдайда өңдеу саласындағы инвестициялық жобаларды ескере отырып, тиісті шараларды жедел түрде қабылдайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале