9.04.2021, 11:03
Оқылды: 37

Ауыл – тамыр

Сол тамырдың өзегі – мектеп екеніне қат-қабат тарих куә. Бір кездегі ауылдардың орнында қарауытып қалған құландылар куә. Мектеп болса, ауыл бар. Мектеп жабылса, ауыл жоқ. Бұл – аксиома. Басқасына төзсе де, мектебі жоққа төзе алмайды ауыл,  балаларының оқуы  үшін амалсыздан ыдырап, бытырай көшеді отырған жерлерінен.

14F10598-C173-4555-A871-AA853298176D

Мектептердің тарихы қызықтыратыны сол мені. Ол – күрес жолы сияқты кейде. Тіршілік үшін, болашақ үшін күрес. Мектептің тарихы дегенде алдымен түсінгенім, мектеп пен ауылдың жігін ажырата алмайды екенсің. Біте қайнасып кеткен. Мейлі, ол күркіреген атақты болмай-ақ, қатардағы тыныш қана бір мектеп болсын, бәрібір сол ауылдың ағарту ошағы, сауаттылық бұлағы.

Біздің ауыл, Бұрынғы Жалпақтал, қазіргі Казталов, одан да гөрі ілгеріректе Жаңақала ауданына қарасты, көл жағалап қона қалған Саралжын (бұрынғы Киров) деген мекен. Жаңақала  ауданына қарасты болған кездері «Еңбек» колхозы деп аталыпты. Бір сөзді бір сөз қозғайды, атақты колхоздастыру кезеңінде  осы жақта төрт колхоз құрылған: «Жаңаталап» - қазіргі  Еламан елді  мекені, «Колхозшы» - қазіргі Жібек  елді мекені, «Киров» – қазіргі Бірәлі (ол жерде адам тұрмайды), «Еңбек» – қазіргі  Саралжын ауылы.

«Жаңаталапта», «Жібекте», «Кировта»  төртжылдық, «Еңбекте» жетіжылдық мектептер болыпты да, бірте-бірте жұрт жетіжылдық мектебі бар жерге тартылып, жинақталған сияқты. Ақыры сол төрт колхоздан қалған жұрнақ – Саралжын. Бірәлідегі колхоз ыдырағасын, әйгілі революционер, саяси бюро мүшесінің  есімін тізімнен өшіруге сескенді ме екен, Кировтың атын  «Еңбек» колхозына берген... Үстерінде жүннен тоқылған көйлек-шалбар, тері тон, аяқтарында көң етік,  он-он екі шақырым жерден жаяу барып-келіп оқуға сабылған сол кездегі балаларды елестетіп көріңіз... Мектепке ұмтылған, білімге талпынған, қараңғылықтан құтылуға күш салған мәңгілік күресті көресіз.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 9 сәуірдегі  №28 санынан оқи аласыздар.

Дариға Мұштанова,

«Үзіліс» арнайы бетінің қоғамдық редакторы,

Ы.Алтынсарин белгісінің иегері,

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері,

ҚР Мәдениет саласының үздігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале