23.08.2023, 16:45
Оқылды: 74

Ауылдарды көшіру зобалаңы неден басталды?

Біле жүріңіз!

1947 жылдан бастап Нарынның Бекетай, Теректі, Жиделі, Сасықтау, Шалқар, Таубұйрат өңірлері әскерилердің түрлі зымыран құлататын сынақ аймағына айнала бастады.

жп дала

Бұл осы өңірлерді мекендеп отырған 17 колхоздың адамдарын жылына 4-5 рет орнын өзгертіп, мекеніне қайта оралуы адамдар үшін де, әскерилер үшінде  қолайсыздық тудырды. Сол себепті КСРО министрлер кеңесі 1951 жылдың 21 желтоқсанында № 5263 санды қаулысын шығарды.

Онда:

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының құмды аумағын 49 жылға әскерилерга жалға беру; Осы аймақтағы ауылдарды көшіру және қайта қоныстандыруды облыстық комитетке жүктеу;

Әр шаңыраққа 100 сом, әр жанұя мүшесіне 250 сом көлемінде үстемақы төлеу;

Материалдық көмек беру туралы ұсыныстар берілген.

Осыған орай, үкімет қаулысын орындау мақсатында төмендегі құрамда комиссия құрылады.

Оның төрағасы болып Дауымов, мүшелері болып Сахипов - ауыл шаруашылығы бастығы, Махмудов - қаржы бөлімі бастығы, Мусина - денсаулық бөлімі меңгерушісі, Қалиев - дайындық министрлігінің өкілі болып тағайындалады.

Осылайша Бекетай, Байқадам, Жиделі, Теректі, Шалқар, Таубұйратта қоныстанған колхоздар отырған жерлерін тастап шығуға мәжбүр болды.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале