22.05.2023, 16:30
Оқылды: 149

Ауылдастар арқа-жарқа болды

Жыл сайын Казталов ауданындағы Ақпәтер ауылдық округінің Кіші Талдықұдық ауылында игі іс-шаралар атқарылады.  

8df96c73-0536-49be-85d3-c94454140531

Осы ауылдан түлеп ұшқан азаматтар жуырда туған жеріне келіп, қорым басына барып, өмірден өткен жандардың рухына Құран бағыштады. Зираттың кіреберісіне дұға оқуға арналған белгі қойды. Сондай-ақ осы жердегі тазалықты сақтау әрі келімді-кетімді жандарға қолайлы болуы үшін әжетхана салды. Одан кейін үлкен-кіші Маралбек Жаңбыршиевтің үйінде жайылған дастарқанда бас қосты. Ал Алпамыс Кенжебекұлы,  Дастан Есенов, Мерхан Нұрмұқанов секілді жастар спорттық шаралар ұйымдастырды. Кішіталдықұдықтықтар гір тасын көтеріп, арқан тартысып, кім мықтыны анықтады. Бұл күнгі іс-шаралардың ойдағыдай өтуіне Айдынғали Айсиев, Ерлан Сатқанов, Аспандияр Оразаев, Аймырза Қыдырәлиев сынды жігіттер де атсалысты.

8104607a-045d-4b84-b505-ff4ea3f769d8

Қазір Кіші Талдықұдықта он шақты үй бар. Алайда ауыл азаматтары  туып-өскен, балғын балалық шағы өткен жерді ұмытқан жоқ. Олар туған жерін көркейту үшін жұдырықтай жұмылып, игі істер атқарып жүр. Мысалы, былтыр өз қаражаттарына «Тал бесігім – Кіші Талдықұдық» деген жазумен жарықдиотты композиция орнатты. Ал 2021 жылы ауылдас ағамыз Тимур Нұрмановтың ұсынысымен зират басын қоршады. Ауылдастардың осындай ауызбіршілігін көрген сайын мерейіміз өседі. Бұл кейінгі буынға, жастарға зор үлгі-өнеге деп білемін.

 Райыс Молдағалиев,  

Орал қаласының тұрғыны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале