5.11.2023, 17:24
Оқылды: 6

«Ауылдастарымның да сайлауда белсенділік танытқанын қалаймын»

Жаңа ғана облыс орталығынан келген қаратөбелік Нұрқат Нысанов өзі сайлаушы болып тіркелген №278 Жаңақоныс сайлау учаскесінде дауыс берді. Қол күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Нұрқат - бес дүркін әлем чемпионын дайындап шығарған бапкер.

IMG-20231105-WA0514
- Ауданда пилоттық негізде аудан әкімінің сайлауы өтіп жатыр. Ауданымыздың дамуы, ауылдарымыздың көркеюі жолында еселі еңбек етеді деген азаматқа дауысымды бердім. Ауылдастарымның да сайлауда белсенділік танытқанын қалаймын. Мен елімізде бұған дейін де өткен сайлаулардан тыс қалған емеспін. Байқаушы да болдым. Бұл сайлау елдегі сайлау жүйесінің маңызды кезеңдерінің бірі саналады. Әрі аймақта сайлауды ұйымдастыру және өткізуде үлкен тәжірибе жинауға негіз болды. Әлеуметтік желілерден аудандағы сайлаудың әділ өтіп, сайлаушылардың белсенді қатысып жатқаны жөнінде айтылып, жазылып жатыр. Бұл да біз үшін үлкен мәртебе, - деді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қол күресі үйірмесінің жаттықтырушысы.
Нұрқат Нысановтың көпшілікке танымал«Гурьевтік Гүзәл қыз» әнінің әуенін жазған Мұхамедияр Нысановтың немересі екенін айта кетейік.

Ясипа Рабаева,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале