26.03.2025, 17:00
Оқылды: 167

Ауылдық жерлерде шағын индустриалды аймақтар құру көзделген

2023-2024 жылдары ауылдарды дамытуға барлық көздерден 2 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Оның есебінен қоғамдық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар іске асты. Қазіргі таңда еліміздің Ұлттық экономика министрлігі ауылдық аймақтарды кешенді дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде «Ауыл аманаты» және «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын біріктіру бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында айтты, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

 

874387c9a2d270e0050ddb54d2f80779_1280x720

Сурет: gov.kz

Оның мәлімдеуінше, ең алдымен бұл жобаларды даму әлеуеті жоғары ауылдарда іске асыру ұсынылып отыр.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы  аясында 2019 жылдан бастап ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға 701 млрд тенге қаржы бөлінді. Оған 2,2 мың ауылда 6,6 мыңға жуық жоба іске асырылды. Нәтижесінде 5,3 мың шақырым көлемінде инженерлік желілер, сондай-ақ 7,9 мың шақырым ауылішілік жолдар жаңғыртылды, сонымен қатар бірқатар әлеуметтік нысан жаңадан салынды және қайта жаңғыртылды. Биыл 500-ге жуық ауылдық аумақта 900-ден астам жобаны іске асыруға 176,4 млрд теңге бюджеттен бөлініп отыр», – деді вице-министр.

«Ауыл аманаты» жобасы да маңызды бастама болып табылады. Оның аясында объектілерде инженерлік инфрақұрылымды жүргізу, кәсіпкерлерді оқыту, сақтау, өңдеу және өткізу бойынша мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары енгізіліп жатыр. Сондай-ақ алдағы уақытта шағын индустриалды аймақтар құру мәселесі пысықталып жатыр.

Ауылдарда кадр тапшылығын шешу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Болашақта елді мекендерге қажетті мамандықтар тізімін кеңейту көзделген. Жобаларды синхронды іске асыруды тиімді қамтамасыз ету және мамандандыруды айқындау
мақсатында скрининг жасалды. Скрининг деректері негізінде «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін басым бағыттар мен инфрақұрылымдық қажеттілік айқындалды.

Әкімдіктердің бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде барлық фактор ескеріледі. Кооператив құруға, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлерін, өнім өндірудің бүкіл циклін көздейтін жобаларға басымдық беріледі. Қатысушылардың өтініш берген сәтінен бастап микрокредитті алғанға дейінгі процестерді сүйемелдеу мақсатында автоматтандыру жүйесі жетілдіріліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале