29.04.2025, 15:15
Оқылды: 169

Ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге көлемінде ынталандыру төлемі беріледі  

Қазақстанда ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген аса тапшы мамандықтар бойынша медицина қызметкерлеріне біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма енгізілуде. Оның көлемі 8,5 млн теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында айтылды. 

148313d7-9c42-4b5e-aed8-af575100fc1c

Сурет: telegram.org

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ақпараты бойынша, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау мамандарына «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.
Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілді.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале