Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады.
- Егер дәрігер ауылға барып жұмыс істейтін болса, онда оны ынталандыру үшін 100 ең төменгі жалақы көлемінде беріледі (ең төменгі жалақы – 85 мың теңге), - деді депутат.
Оның сөзінше, бұл бір рет берілетін қаржы.