Жетісу облысында 341 дәрігер тапшы болған. Мәселені шешу жолын өңір әкімі Бейбіт Исабаев бүгінгі брифингте мәлімдеді, деп жазды Ұлттық арна.

Сурет сайт архивінен / zhaikpress.kz
– Ауылдық жерге көшіп келген дәрігерге биыл 1 қаңтардан бастап бюджеттен 10 млн теңге көтерме ақша беріледі. Егер де ерлі-зайыпты дәрігерлер көшіп келсек, 20 млн теңге жәрдемақы беріледі, - деді облыс басшысы Б.Исабаев.
Әкімнің айтуынша, осындай шаралардың нәтижесінде соңғы 11 айдың қорытындысы бойынша өңірге 170 жас дәрігер барған.