9.12.2020, 11:46
Оқылды: 34

Авиажолаушылардың 94%-дан астамы Қазақстанға ПТР-анықтамаларымен келген

8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Германия, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

409B8D02-072D-466B-82CA-87186B845B9C

Елге келген 1740 әуе жолаушысының 1 648-інде ПТР-тестілеу анықтамасы бар, анықтамасыз 92 адам болған. Бәрі де ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 279 жолаушы, анықтамамен - 1 207, анықтамасыз - 72;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 222 жолаушы, анықтамамен - 212; анықтамасыз - 10;

- Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы, анықтамамен - 229; анықтамасыз - 10.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 92 адамның тест сынамасы олардың дені сау екенін көрсетті.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале