6.12.2021, 17:30
Оқылды: 52

Австрияда шаңғышылар қар көшкінінің астында қалып қойды

Австрияда тау баурайына көтерілген сегіз адам 200 метрлік қар қабатының астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

photo_90722

Үш шаңғышы қаза болды, үшеуі жарақат алған, қалғаны шығып үлгерген. Қайтыс болғандар - Австрияның 19-24 жас аралығындағы азаматтары.

Мәліметтерге сәйкес, олардың бәрі сенбіде Зальцбург федерал аймағына шаңғы тебуге барған 11 адамнан тұратын шаңғышылар тобына кірген.

Қыс мезгілінде қар көшкіні адам өміріне қауіп төндіреді. 2021 жылдың ақпанында көшкін Алматы облысында "Газелді" басып қалды. Алайда ешкім зардап шеккен жоқ.

Осы оқиғадан кейін, екі күн өткен соң ШҚО-да қар көшкіні бір туристің өмірін қиды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале