22.05.2023, 16:45
Оқылды: 44

Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады

“Автокөлік тарихы” сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

187267-63a2cfc13a1e8

ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керектігін ескертеді. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемалардан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді.

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан “автокөлік тарихы” қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

– автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін;

– бұрынғы иелерінің санын;

– кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады.

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис “102” және “Halyk Bank”, “Bereke Bank”, “CenterCredit”, “ForteBank” мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді. ІІМ “автокөлік тарихына” “бірыңғай сақтандыру деректер базасын” қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале