Зияткерлік меншіктің басқа салалары сияқты авторлық құқық та адам ақыл-ойының туындыларын қорғауды қамтамасыз етеді. Авторлық құқықтың қолданылу аясы әдеби және көркем туындыларға қолданылады. Олардың қатарына жазба туындылары, музыка, суреттер мен мүсіндер сияқты бейнелеу өнерінің туындылары, сондай-ақ компьютерлік бағдарламалар мен электрондық дерекқорлар сияқты технологиялар негізінде жасалған туындылар жатады.
Фото дереккөзі: egemen.kz
Авторлық құқық идеяларды қорғауды емес шығармаларды ой өрнегінің формасы ретінде қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл әдеби шығарманың сюжеті қорғалмайды дегенді білдіреді. Мысалы, отбасы мен қоғам тарапынан кедергілерге қарамастан, жас жігіт пен қыздың махаббаты туралы тарихты қарастырайық. Мұндай сюжет қорғауға алынбайды. Оны әр түрлі авторлар өз туындыларын жасау үшін пайдалана алады. Бұл ретте, егер дәл сол сюжетті әңгіме түрінде білдірсе, мұндай өрнек нысаны қорғалуға жатады.
Осылайша, Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» пьесасын сипатталған сюжеттің шығармашылық өрнегі деп есептеуге болады. Бұл ретте басқа авторлар оны жаңа туындылар жасау үшін пайдалануға құқылы.
Әдеби немесе көркем туынды жақсы немесе көркем болуы тиіс деген талап жоқ. Туынды басқа туындының көшірмесі болмауы тиіс.
Дамушы елдер үшін авторлық-құқықты қорғаудың артықшылықтары мәдени және экономикалық сипатта болады. Шынымен де, авторлық құқықтың мәдениетке қатысы бар екенін ұмытпауымыз керек. Барлық дамушы елдер өте үлкен көркемдік әлеуетке ие. Әлемде шығармашылықпен айналыспайтын халық жоқ, бірақ авторлық-құқықты қорғамай, шығармашылықтың көмегімен табыс табу мүмкін емес.
Бүгінде авторлық құқық әдеби және көркем шығармаларды ғана емес сонымен қатар ақпараттық-технологиялық саланы, бейнеойындарды, нақтырақ айтқанда компьютерлік бағдарламалауды қамтиды.
Компьютерлік бағдарламаны, фильмді немесе телевизиялық бағдарламаны жасауға көп қаржы салынуы мүмкін. Бірақ нарықта бір дана пайда болған соң оны кез келген адам көшіре алады. Нәтижесінде пайда табу жолы жоғалады. Бұл жағдайда шетелдік және жергілікті туындыларды қорғауды қамтамасыз ету керек, өйткені елге қаржы ағынын әкелуге мүмкіндік береді.
Шығармаларды халықаралық қорғаудың пайдасына бірқатар дәлелдерді келтіруге болады.
Біріншіден, егер қорғау тек ұлттық туындыларға ғана берілсе, онда шетелдік туындылар ішкі нарыққа ешқандай авторлық-құқықтық алымсыз түсер еді. Бұл жағдайда олар неғұрлым төмен бағамен сатылатын болар еді. Әрине, бұл тұтынушыларға тиімді болар еді. Алайда мұндай тәжірибе тиімді бағамен сатылатын шетелдік туындылармен жергілікті туындылар бәсекелесуге тура келеді және жергілікті тауарларды сатуға кері әсерін тигізер еді. Нәтижесінде тұтынушылар жергілікті емес, шетелдік, арзан тауарларға басымдық бере бастайтын еді. Бұл ұлттық мәдениетке, музыкаға, әдебиетке немесе басқа да салаларға нұқсан келтіруі мүмкін.
Екіншіден, жергілікті суретшілер мен авторлардың - дамушы елдерде де, басқа елдерде де өз туындыларын қорғап және одан алатын пайдасын ескеру керек. Жергілікті нарықтар туындыларын тарату азайған себептен, шетелге экспорттау мен сатылатын өнімдерінен пайда алу қажеттілігі туындауы мүмкін. Бүгінгі таңда заманауи коммуникация құралдарының арқасында шығармаларды тек жергілікті ортада ғана емес, сондай-ақ одан алыс жерлерде де тыңдауға, оқуға немесе тамашалауға болады. Бұл ретте кейбір жағдайларда туындыны шетелде пайдаланудың арқасында алынатын пайда, ел ішінде пайдаланудан түсетін табыстардан едәуір асып түсуі мүмкін. Мұндай құбылыс музыка, теледидар, кино өндірісі, кітап шығару және т.б. салаларда жиі байқалады. Осылайша, шетелде, шетелдік нарықта авторлар мен суретшілер өз құқығын қорғау өте маңызды.Егер шетелдік авторлар мен суретшілер өз елінде құқықтарын қорғай алмаса, қандай да бір елден келген автор немесе суретші сол елде құқығын қорғай алмайтынын есте ұстау керек.
Алтай Маштаков,
БҚO Әділет департаментінің бөлім басшысы