1.04.2021, 22:42
Оқылды: 40

Аядай ауласын оазиске айналдырған

Облысымызда бау-бақшамен айналысатын шаруашылықтар қатары бір қарамаға жеткілікті көрінгенімен, іс жүзінде жергілікті көкөніс пен жеміс-жидекке жарымай отырғанымыз жасырын емес. Әсіресе, өткен жылы алқымымыздан алған пандемия кезінде халықты күнделікті тұтынатын көкөніспен толық қамти алмайтындығымыз айдан анық аңғарылды.

Иә, бау-бақша дақылдарынан қысы-жазы мол өнім алуға біздің өңірдің климаттық жағдайы да келіңкіремейтін шығар. Өз жерімізден нәр алып өскен сапалы көкөніс пен жеміс-жидек сауда сөрелеріне жаздың ортасы ауа шыға бастайтыны рас. Ал бұған дейінгі уақытта біз көршілес мемлекеттерден әкелінетін, сапасы беймәлім өнімге айтарлықтай тәуелдіміз. Сондықтан да шығар, облыс аумағындағы жылыжайларды дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болуда. Себебі өзіміздің бақша піскенше өзгеге мойын созатынымыз нарық бағасын шарықтатып отыр. Қыс бойы базарлар мен сауда үйлері сөрелеріндегі қияр-қызанақ, тіпті аскөк, көк жуа секілділерді қажет өнімдерді бағасына қарамай, сатып алуға мәжбүрміз. Өкінішке орай, әзірге Жер-ананың бабын тауып, мол өнім алатын Күншығыс еліндегі тірлікке немесе ала шапанды ағайындарымыздың еңбекқорлығына қарап, «өзіміз қашан осындай деңгейге жетер екенбіз?» деп тамсанудан әрі аса алмай келеміз.

теп

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 2 сәуір күнгі №26 санынан журналист Нұрбек Оразаевтың «Аядай ауласын оазиске айналдырған» атты мақаласынан оқи аласыздар!

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале