29.09.2023, 9:00
Оқылды: 133

Аян Бейсенбаев триатлоннан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін  иеленді.

Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.

IMG_20230929_080854_388

Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 шақырым жүгіріп шыққандағы уақыты  1:52:25. Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого  Одакураға(1:51:49) бұйырды.

Тағы бір отандасымыз Темірлан Теміров 6-орынға табан тіреді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале