20.07.2021, 0:10
Оқылды: 65

Аяулы мамандық иесі абыройың асқақ, беделің биік пе?

«Мұғалімнің беделі қалмай барады, оған не себеп?» Соңғы жылдары  осындай  сұрақты, осы төңіректегі әңгімені  жиі естуге тура келіп жүргені  жасырын емес. Көпшілік ата-ана  балаларының сабаққа  құлықтарының  жоқтығын, мектепке барғылары келмейтіндігін, ұстаздардың білімінің төмендігімен, шәкірттерін қызықтыра, еліктіре  алмайтындығымен  байланыстырады. Әйтеуір, баласының  сауатсыздығын, үлгерімінің төмендігін ата-ана біткен мұғалімнен  көретін  болды. Турасын  айтқанда, соңғы жылдары бір кезде  адамзат  үшін аяулы мамандық  иелері болған ұстаздарды бәріне кінәлі  етіп, барлық пәлені соларға үйіп-төгу белең алып бара жатқандай. Ата-аналардың арасында  «Ақшаларын өсірді, барлық  жағдайды туғызды, мұғалімдерге  енді  не  керек?  Балаларымызды дұрыстап оқытсын!»  –  деп кеулеген  келеңсіздеу әңгімелер көбейіп  барады. Оған:  «Оу,  балаң тупой болса, мұғалімнің айтқаны бір  құлағынан кіріп, екінші жағынан  шығып  кететін зейінсіз болса.  Өзің балаңның сабағын, бос уақытын  қадағаламасаң, жиналысқа бармасаң, оған мұғалім кінәлі  ме?»  деп екінші жақ  өре түрегеледі. Қалай болғанда да, мұғалімнің басына екі талай күнді  тудырып қойғанымыз шын ғой, құрметті ата-ана...

06E7BEAD-CE10-49B4-B1A1-D54369C4AA72

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 20 шілдедегі  №58 санынан оқи аласыздар.

Пікірлерге құлақ түрген Есенжол Қыстаубаев,

«Орал өңірі» газетінің арнаулы тілшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале