28.08.2024, 16:45
Оқылды: 146

Әз Жәнібек сұлтанға арнап XIV ғасырда жазылған қолжазба табылды

1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды, деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

0A10F067-70A4-4019-A930-0D0A7839B175

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған.

Қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған.

C4C01D77-64A7-4D3D-85F6-062395835138

Аталған тарихи мұраны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025» кешенді жоспары аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері, қазақ ғалымы Өмірбек Қанай анықтады.

Қазіргі таңда аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале