1.10.2020, 12:23
Оқылды: 67

Азаматтық орталық шақырады

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап біздің облыста «БҚО Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ мемлекеттік гранты аясында «Батыс Қазақстан облысында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» тақырыбындағы жобаны жүзеге асыруды бастады.

Ortalyk

Жобаның мақсаты – Батыс Қазақстан облысында Азаматтық орталықтың жұмысын ұйымдастыру және дамыту. Аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру мәселелері бойынша «жалғыз терезе» қағидаты бойынша кәсіби практикалық көмекті алуға жағдай туғызу.

Биыл 20 шілдеде БҚО Азаматтық Альянсының президенті С.Тенишева мен «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» ЖҚ төрағасы А.Құрымбаев Азаматтық орталықтың ашылуы туралы онлайн-брифинг ұйымдастырып, онда аталған орталықтың ережесі және жұмыс жоспарлары баяндалды.

Азаматтық орталық ҮЕҰ өкілдерімен қатар, өңіріміздің белсенді азаматтары түрлі әлеуметтік, құқықтық және басқа да кәсіби кеңестер алу үшін құрылды.

Аталған жоба аясында облыстағы ҮЕҰ деректер базасы құрылып, жаңартылды. Сонымен қатар ҮЕҰ әлеуетін және кәсіби деңгейін арттыру мақсатында оқыту курстары ұйымдастырылуда.

22 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен және ҮЕҰ қатысуымен «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасы» жобасын талқылады. Шараға сондай-ақ онлайн режимінде барлық аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері мен аудандағы ҮЕҰ басшылары қатысты. Талқылау барысында өңіріміздің белсенді азаматтары Тұжырымдаманың жобасына біршама нақты ұсыныстар жолдады.

Ал 25-28 тамыз күндері «ҮЕҰ Жазғы мектебіне» облыстағы және аудандардағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белсенді азаматтар қатысып, А.Құрымбаев және Г.Мұштанова сияқты тренерлерден «Жоба жазу» тақырыбында өздерінің білімдерін арттырып, мол мағлұматтар алды.

Қазіргі таңда орталыққа 50-ге жуық азамат жүгініп, өздерінің сұрақтары мен туындаған мәселелеріне қатысты нақты жауаптар алуда. Атап айтқанда, қоғамдық ұйым ашу және оның Жарғысын жазу, жұмыс істемей тұрған бірлестіктің қызметін тоқтату, ҮЕҰ салықтық және бухгалтерлік есебін жүргізу, ЭЦҚ кілтін алу сияқты сұрақтар.

Орталық жұмысы жалғасуда, азаматтық қоғамды дамытуға және қолдау көрсетуге дайын өңіріміздің барша азаматтарын шақырады.

                                                 Ж.Танабаева,

 АО қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале