5.11.2023, 13:29
Оқылды: 2

«Әзірге ешқандай құқықбұзушылық болмады»

Тасқала ауданында тұңғыш рет әкім сайлауы өтіп жатыр. Түскі уақытқа дейін аудан тұрғындарының белсенділігіне куә болдық.

WhatsApp Image 2023-11-05 at 13.26.15

Ауданға қарасты ауылдардағы халық та аудан басшысын таңдауға бірі қалмай атсалысуда. Егде жастағы азаматтар мен жастардың, сондай-ақ алғаш рет дауыс беріп жатқандардың да біраз бөлігі келіп үлгерді. Осы ретте «Жария» қоғамдық бірлестігінің аймақтық менеджері, байқаушы Мұрат Байдекенов өзінің бұған дейін осындай науқандарға қатысып жүргенін тілге тиек етіп, сайлау барысы жөнінде аз-кем пікірін айтты.
– Әрине, осы сайлаудың тұрғындар үшін маңызы зор. Ауданда жалпы 22 сайлау учаскесі бар. Бұл кезге дейін де түрлі сайлауға қатысып жүрмін. Бүгін бәрі сәтті өтіп жатыр. Себебі таңғы сағат 10:00-ге дейін дауыс берушілердің сайлауға қатысу көрсеткіші 19 пайызды құрап отыр. Бұл – жоғары көрсеткіш. Қадірлі тасқалалықтар, кешкі 20:00-ге дейін дауыс беру мүмкіндіктеріңіз бар және таңдау жасау құқығын құр жібермеңіздер. Өйткені аудан әкімін сайлауға бір кісідей атсалысып, дауыс берсеңіздер бұл ауданның ертеңгі күнінің қалай болатынын айқындайтыны сөзсіз. Жалпы аудандардың көреюі, дамып-өркендеуі басшысына тікелей байланысты екені белгілі. Ал сол басшыны таңдау қазір сіздердің құзырыңызда. Айта кету керек, сайлау барысында әзірге ешқандай құқықбұзушылық болмады, – деп сөзін түйіндеді Мұрат Қадырғалиұлы.

Аманжол Исламғали,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале