12 қыркүйекте Жапонияның Тиба қаласында ерлер арасындағы волейболдан Азия біріншілігі басталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Қытай Тайпейі командасымен кездесті.
Қазақстан спортшылары қытайлықтарға қарсы тұра алмай, үш ойында да 20:25, 22:25, 19:25 есептерімен жеңіліс тапты.
Қазақстандық құрама келесі ойында Оңтүстік Кореяға қарсы тұра ала ма, оны уақыт көрсетеді. 2021 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпаздары қатарындағы кәрістерге тойтарыс беру қиынға соғуы мүмкін. Кездесу 13 қыркүйекте, Нұр-Сұлтан уақытымен 14.30-да басталады.
zakon.kz