Абылайхан Жұбаназар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
81 келі салмақта ел намысын қорғаған Абылайхан үшінші орын үшін өткен белдесуде өзбекстандық Мусо Собировты жеңді.
Еске сала кетейік, қазақстандық Никита Чирюкин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында оқ ату жарысынан қола медаль жеңіп алған болатын.
Біздің спортшы 26 ұпай жинап, жоғары жылдамдықты тапаншадан атуда үшінші болды.
Қазақстандық спортшы жеңіс тұғырын ҚХР мергендерімен бөлісті.
«Никита - көптеген беделді жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Бүгін де ол биіктен көрінді. Бәсекелестік қиын болғанына қарамастан ол өзінің шеберлігін көрсетті. Никитаны, оның командаластары мен жаттықтырушыларын осы жүлдемен құттықтаймын», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.