11.04.2024, 12:26
Оқылды: 34

Азық-түлік тауарларының бағасы өссе, тұрғындар шағым бере алады

Барлық батысқазақстандық үшін қиын кезеңде кәсіпкерлік субъектілері белсенді азаматтық позицияны көрсетіп, азық-түлік тауарларының, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шарықтатпауы керек.

WhatsApp Image 2024-04-11 at 13.13.39 (1)

Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Эльмира Қиматова атап өткеніндей, егер саудагерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын өсіріп сату фактілері анықталса, департаментке хабарлау  қажет.

- Өтінішті «E-Ontinish» платформасы арқылы жіберуге болады немесе Сарайшық қ., 44/2, мекенжайында орналасқан офистің 303, 304, 305 кабинеттерінде  қалдыруға болады. Жоғарыда аталған тізімге енгізілген тауарларға қатысты сұрақтарыңыз болса, бағасы белгілі бір өнім туралы ақпаратты департаменттің 50-00-44 сенім телефоны арқылы бізге хабарласып, алуға болады. Тиісті ақпаратты департамент мамандары ұсына алады, - деді Эльмира Қиматова.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале