5.06.2018, 20:54
Оқылды: 33

Азынабай-Тайпақ каналын жандандыру жұмысы қолға алынады

photo_230091БҚО әкімі Алтай Көлгінов "Әкім сағаты" жобасының тікелей эфирінде су құбырларын қалпына келтіру, жандандыру, жаңадан құру жұмыстары жөнінде айтты.

-Екі жылдың ішінде көптеген шаруа атқарылды. Мәселен, Киров-Шежін каналын айта кетейін. Сол каналдың бойында көптеген шаруашылық бар. Қазір сол арқылы оңтүстік ауданға су алып барып отырмыз.

Сырым ауданы Шолақаңқатыдағы қақпалар ескірген. Соларды қалыпқа келтірдік. Күні ертең сол ауданға бара жатырмыз. Жұмыстарды өзім барып қадағалаймын.

Алда тұрған ең ірі жобалардың бірі - Азынабай-Тайпақ каналы жобасы. Бұл жобаны сессияда қарастырдық. Қаражат бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттары жасалды. Мердігер анықталды. Осы шаруа жасалса, Ақжайықтың арғы бетіндегі 300 мың га жерге су жетеді. Бұл - шаруаларға мол мүмкіндік ашады,- деді А.Көлгінов.

Сонымен қатар облыс әкімі жер мәселесін тиімді игермей жатқан азаматтарды тілге тиек етті. Оның айтуынша, қазір бұл бағыттағы жұмыстарға баса назар аударылатын болады.

zhaikpress.kz

Фото Александр Куприенко

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале