8.10.2024, 17:30
Оқылды: 7

БАӘ-де өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдодан Қазақстан командасының құрамы жария етілді

11-13 қазан аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

IMG_7927

Сурет: Olympic.kz

Оған Қазақстан командасы қатысады. Біздің елдің атынан турнирге 13 спортшы қатысады.

Турнирге қатысатын спортшылар:

Әйелдер:

- Әбиба Абужақынова (48 келіге дейінгі салмақта)

- Эсмигуль Куюлова (63 келіге дейінгі салмақта)

- Назгүл Маратова (78 келіден жоғары салмақта)

- Карина Такиева (78 келіден жоғары салмақта)

Ерлер:

- Мағжан Шамшадин (60 келіге дейінгі салмақта)

- Дәурен Суюкенов (60 келіге дейінгі салмақта)

- Әділбек Берікұлы (66 келіге дейінгі салмақта)

- Дархан Қойбағар (73 келіге дейінгі салмақта)

- Ермек Амангелді (73 келіге дейінгі салмақта)

- Жалғаc Қайролла (80 келіге дейінгі салмақта)

- Руслан Мусаев (81 келіге дейінгі салмақта)

- Әділет Сапарғалиев (100 келіге дейінгі салмақта)

- Мәди Еділбаев (100 келіден жоғары салмақта)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале