3.05.2025, 15:30
Оқылды: 837

Бабалар ізі лигасы қорытындыланды

 

Ұлттық спортты ұлықтау мақсатында қолға алынған "Бабалар ізімен" атты лига мәресіне жетті.

WhatsApp Image 2025-05-03 at 15.31.35

Наурыз мерекесі қарсаңындағы ұлттық спорт күнінде шымылдығы ашылған дода мамырдың 3-і күні тай және құнан бәйгесімен қорытындыланды.

WhatsApp Image 2025-05-03 at 15.31.32

Өңір әкімдігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен қалалық спорт бөлімі, "Орал" спорт клубы бірлесе ұйымдастырған жарысқа 400-ге жуық спортшы қатысты.

WhatsApp Image 2025-05-03 at 15.31.33 (1)

"Орал" спорт клубының директоры Орынбасар Ғилымовтың айтуынша, бәйге алдында әр ауданда іріктеу кезеңі өткен.

- Жарыс ережесі бойынша әр ауданнан 5 тай мен 5 құнан финалдық жарыста бақ сынауға мүмкіндік алды. Алда "Ақ бидай" спартакиадасы келе жатыр. Осы сында үздік болғандар сол жарысқа жолда алады, - деді Орынбасар Ғилымов.

WhatsApp Image 2025-05-03 at 15.31.07

"Бабалар ізімен" лигасының қорытынды жарысы тартысты өтті. Облыстық бәйге федерациясының президенті Сатқали Байзуллин жарысқа құнан мен тай жарысының таңдалуының да өзіндік мәні барын айтады.

- Осы бәйгеде үздік атанған құнандар ел чемпионатына жібереміз. Бұл жарыс сол байрақты бәсекеге дайындық. Ал тай жарысын таңдауымыздың себебі жас шабандоздардың шеберлігін шыңдау, -деді Сатқали Байзуллин.

WhatsApp Image 2025-05-03 at 15.31.33

Орал даласын дүбірге бөлеген бәйге қорытындысында Құнан бәйгені Азамат Жұмашев, тай жарысын Бақтыгерей Аяпбергеновтің жүйрігі жеңіп алды.

WhatsApp Image 2025-05-03 at 15.31.06

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйлық берілді. Бәйге 1-5 орын иелеген аттарға берілді.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Суреттер: Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале