4.10.2022, 16:00
Оқылды: 51

Бағдат Мусин +997 телефон коды туралы: Жыл соңына дейін жақсы жаңалық болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның телефон кодын өзгерту жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

221004115401284e
 «+7 кодын Ресей Федерациясымен және Оңтүстік Осетиямен бөлісеміз. Қазақстанның өзіне тиесілі коды болуы керек деген бастаманы мен көтерген едім. Бұл ешқандай да геосаяси оқиғалармен байланысты емес, мен мұны 2020 жылы министрлік басшылығына жаңадан келгенімде көтергенмін», - деді Б. Мусин Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Мысал ретінде министр көлікті жалпы сенімхат бойынша сату мәселесін айтты.

«Бұрын біз көлікті жалпы сенімхат бойынша сататынбыз. Біздің +7 аймағында болғанымыз жөнінде қандай да бір жалпы сенімхат бар. Сондықтан, Халықаралық телекоммуникация одағының бізге жеке қазақстандық кодты беруіне бастамашы болдым. Жақында тағы да Халықаралық телекоммуникация одағына бардым, алдағы уақытта жаңалық жарияланады. Менің қандай да бір ақпаратты жариялауға құқығым жоқ, өйткені біз бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар аяқталған бойда Қазақстанды жақсы жаңалықтар күтіп тұр деп ойлаймын. Жыл соңына дейін шешім жарияланады», - деді Бағдат Мусин.

Еске сала кетсек, өткен жылғы қыркүйекте министр Қазақстанда +997-ден басталатын жаңа телефон коды берілгенін хабарлаған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале