13.06.2024, 14:45
Оқылды: 67

Бай тұқымынан шыққан Иманғазы Ғаббасов туралы не білеміз?

Батыс Қазақстан облысы бойынша 1928 жылдың 27 тамызындағы Үкімет қаулысымен тәркілеуге жатқызылған байлардың бірі – Иманғазы Ғаббасов болатын.

жп дала

Архивтік құжатта оның жеке ісі туралы жазба былайша толтырылған: «Ғаббасов Иманғазы – 65 жаста. Таубұйрат ауылы, Азғыр ауданы, Орал округі. Тәркілеу тізіміне кірген. Бай тұқымы. Үйленген. 15 жылқы, 20 түйе, 400 қой, 300 ірі қара, 2 күймелі арба, 1 жер үй жақсы жасақталған. 2 адам отбасымен тұрақты жұмыс жасайды. Өңірдің белсенді атқамінері» делінген.      

Осылайша, Иманғазы Ғаббасовтың мал-мүлкі тәркіленіп, ол отбасымен Қазақстаннан ресейдің орталық бөлігіне жер аударылады.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz                                                                                                    

(Байлар қалай тәркіленді, Орал, 2024 ж.)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале