8.09.2021, 14:41
Оқылды: 20

Байден АҚШ-тағы төтенше жағдай режимін ұзартты

Президент Джо Байден АҚШ сайлауына шетелдіктердің араласу қаупіне байланысты елдегі төтенше жағдай (ТЖ) режимін бір жылға ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үй сайтына сілтеме жасап.

6

Төтенше жағдай режимін 2018 жылдың 12 қыркүйегінде экс-президент Дональд Трамп енгізген. Бұл америкалық барлау агенттіктерін сайлаудан кейін 45 күн ішінде нәтижеге шетелдіктердің араласуын тексеруді міндеттейді.

"Мен елдегі төтенше жағдайлар туралы заңның 202-бөліміне сәйкес, 13848 жарлықтағы АҚШ сайлауына шетелдіктердің араласу қаупі немесе оларға деген қоғамдық сенімнің бұзылуы туралы жарияланған Ұлттық төтенше жағдай режимін бір жылға ұзартамын", - делінген Джо Байденнің хатында.

Мәлімдемеде АҚШ билігінде кез келген шетелдік державаның АҚШ-тағы кез келген сайлаудағы нәтижелерді немесе дауыстар санын өзгерткені туралы ешқандай дәлел жоқ екені, бірақ сонымен қатар "шетелдік державалар тарихи түрде Американың еркін және ашық саяси жүйесін қолдануға ұмтылғаны" көрсетіледі.

"Америка Құрама Штаттарынан тыс жерлерде жеке тұлғалардың АҚШ-тағы сайлауға толық немесе ішінара араласуы немесе сеніміне нұқсан келтіру мүмкіндігі, оның ішінде сайлау инфрақұрылымына рұқсатсыз қолжеткізу немесе насихат пен жалған ақпаратты жасырын тарату арқылы және ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы саясатқа төтенше қатер төндіреді", - делінген құжатта.

Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жақында 2020 жылғы президенттік сайлауда заңбұзушылықтар болғаны туралы жаңа дәлелдер пайда болатынын мәлімдеген еді.

 Tengrinews.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале